Kyzylorda-news.kz.   Ауыл – ел бесігі. Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария ауылдық округі бүгінде біршама дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Тәтті бақша өнімдерімен аудан мен облысқа танылған ауыл туралы сөз қозғайтын болсақ, сандарға назар аударамыз.

Ауылдық округте барлығы 160 тұрғын үй бар. Тұрғындар саны 815-ті құрайды.  Оның ішінде  жұмысқа қабілеттілері – 358. Ауылдың экономикалық хал-ахуалын анықтау үшін ондағы қызметтің негізгі түрі мен жұмыссыздық деңгейін саралау қажет. Мысалы бюджеттік  саладағы   қызметкерлер мен жұмысшылар,  мекемелер бойынша «Іңкәрдария уылдық округі әкімінің аппараты» КММ -11 адам, «№191 орта мектебі» КММ – 60 адам, «Іңкәрдария ауылдық клуб үйі» МКҚК – 98адам, №191 орта мектебі жанындағы «Еркетай» шағын орталық – 15 адам, Іңкәрдария ауылдық фельдшерлік акушерлік бекеті – 7адам, Кітапханашы – 1 адам, Ветеринарлық станция – 3 адам, Учаскелік полиция инспекторы – 1 адам,  Почта меңгерушісі-1адам, Ауыз су  бөлімшесінде   -4адам, Шаруашылықтағы қызметкерлер және жұмысшылар саны – 3 адам жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарының орташа табысы – 60 000 теңгені құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында еңбек адамын бағалау қажет екенін баса мән беріп айтып өткен еді. Сонымен қатар ауылшаруашылығын дамыту басты мәселе екеніне тоқталды. Ауылдық округтегі негізгі кәсіп көзі мал және егін шаруашылығы. Президент өз сөзінде «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі.  Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет.

Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек. Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды. Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын» деп атап өткен еді. 

Мал шаруашылығы бойынша нақты сандарға тоқталып өтетін болсақ, мал  басы   бойынша жеке тұрғындарда МІҚ -755 бас, қой - 164 бас, ешкі 367 бас, жылқы - 454 бас, түйе -155 бас, құс -340 бас тіркелген. Ал шаруашылықтарда МІҚ - 632 бас, қой - 117 бас, ешкі 57 бас, жылқы - 505 бас, түйе - 23 бас тіркелген. 

Ал ауылдық округтегі барлық жер көлемі 47086 га, оның ішінде ауыл шарушылық жер көлемі 27772, жайылымдық 8739 га, егістік 873 га.
Ауылдағы техника санына тоқталар болсақ, жекелерде –115, шаруашылықтарда – 1 техника бар.
Округ бойынша барлық салықтар бойынша 1239,0 теңге, оның ішінде   шаруашылықтар бойынша- 11000 теңге.
Кәсіпкерлер саны ШҚ - 26, ЖК - 42,   шаруа қожалықтар бойынша жылына 500 тонна күріш және 550 кг бал өнімін өндірді. 
Шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің ауылға қосқан әлеуметтік көмегі - 1,1 млн теңге. Бұл – қайырымдылық көмек.

Іңкәрдария ауылы 1964 жылы Іңкәрдария қаракөл қой совхозы деп аталса, 1993 жылы Іңкәрдария өндірістік кооперативі, 2000 жылы Іңкәрдария ауылдық округі болып аталған. Жалпы жер көлемі – 47086га болса,ауылшаруашылығы жер көлемі 27772  га , егістік 873 га, жайылымдық 8739 га жер бар.

Ауылдық округте үш ЖШС, екі СПК бар. Сондай-ақ, 42 жеке кәсіпкер мен 26 шаруа қожалықтары ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді.

Және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үш жақты меморандум жасалды.
 

Тағы да оқыңыз: