Kyzylorda-news.kz «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадр резервін қалыптастыру республикалық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтағы 30 педагог тағылымдамадан өтуде.

Болашақ менеджерлер кәсіби білімдерін арттырып, дағдыларын жетілдіруде. Алғашқы күні Қызылордадағы NIS директоры Жаңбыржан Бекболатов мектептің миссиясы, құндылықтары мен негізгі қағидаттары туралы шолу жасап, даму стратегиясын айқындау және іске асыру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жүргізді.

Бүгін тағылымдамашылар «мектепті басқару жүйесі мен критериалды бағалау ерекшеліктерімен танысып, күн тәртібі мен тиімді сабақ кестесін құру, сабақты бақылау мен кері байланыс берут туралы білімдерін толықтырды.

Алдағы екі күнде болашақ көшбасшылар тәрбие жобаларын іске асыру, ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру, педагогтерді аттестау, зерттеу жұмыстары мен олимпиадалық қозғалысты ұйымдастыру тәжірибесімен танысатын болады.

Айта кетейік, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы негізінде ел бойынша 283 педагог оқыту курстарына қатысып, басқарушылық және педагогикалық қабілеттерін дамытуда.

Тағы да оқыңыз: