Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Шиелі ауданына сапарлары барысында «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Шиелі ауданында халық денсаулығын жақсарту мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарында құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілді.1970 жылы салынған «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы бүгінде 8 351 тұрғынға қызмет көрсетеді.
Алайда ғимараттың инженерлік жүйелері мен құрылыс конструкциялары тозығы жеткендіктен, күрделі жөндеу қажеттілігі туындады. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Күрделі жөндеу құны – 255,8 млн теңгені құрады. Мердігер ұйым – «Жабдықтау» ЖШС.
Бұл жобалар Шиелі ауданындағы медициналық қызмет сапасын арттыруға, халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.