Kyzylorda-news.kz Бөлшек салық – бұл ЖК және ЖШС-ларға арналған арнайы жаңа салық режимі. Ол екі жыл бұрын тәжірибе түрінде, пандемиядан кейін кәсіпкерлерге көмектесу үшін енгізілген. Тәжірибе сәтті болды. Сондықтан бөлшек салық тұрақты түрде қалатын болды. Бастапқыда тек 2024 жылы жаңа Салық кодексімен бірге пайда болады деп күтілген. Алайда кәсіпкерлер мен бизнес-ассоцияциялар бөлшек салықты 2023 жылдан бастап енгізу туралы бастаманы белсенді түрде көтерді. 

Нәтижесінде өткен  жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды.
Бөлшек салықтың АСР жеке тұлға түпкілікті тұтынушы болып табылатын сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді дамытуға бағытталған.

Бұл режимнің артықшылығы – бұл режимді қолданатын салық төлеушілер:
1) қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмауға құқылы;
2) әлеуметтік салық төлеушілер емес;
3) әр түрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы;
4) кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты қызметкерлер үшін еңбекақы төлеу қорының сомасына азайтады.
Режимді қолдану шарттары:
1) жалдамалы қызметкерлер - 200 адамнан аспауы тиіс;
2) күнтізбелік жылдағы табыс - 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2024ж – 2,2 млрд.тг.);
3) ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады.
Корпоративті және жеке табыс салықтарының ставкалары:
4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған барлық кірістер бойынша. Жергілікті мәслихаттар ставканы 50% - ға төмендетуге құқылы;
8% - мұндай шығыстарға шегерімдер сомасы құжаттамалық расталған жағдайда (электрондық шот-фактураны жазып бере отырып немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, чекті бере отырып). Ставка төмендетуге жатпайды.
Салық жұмысшылардың жалақысын шегергендегі айналымнан есептеледі. 

− Менің ойымша, бұл бизнестің үлкен жеңісі, өйткені бізде салықты аз төлеуге мүмкіндік бар. Сондықтан салықтың бұл түрі өз тиімділігін көрсетіп келеді, − дейді Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.

 

Фото: pexels

Тағы да оқыңыз: