Kyzylorda-news.kz   Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға 30 маусым күні Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында болған.

Тұрғындардың айтуынша, үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, алып қала алмаған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Щапов ауылдық округінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі ақпаратты растады.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: