Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы бойынша өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 675,1 теңгені құрайтын 49 жоба қаржыландырылған еді. Өз кезегінде басты бағдарлама аясында жоба құны 7,9 млн. теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі 2 жас кәсіпкерлерге мемлекеттік қайтарымсыз грант берілген болатын.
Жалпы елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік бағдарламалардың шарттарымен тиімділігін жан-жақты насихаттау үшін тоқсан сайын ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде сала мамандарының қатысуымен отырыстар өткізіліп келеді. Бұл жұмыстарды жүргізу барысында, сала мамандары тарапынан жиынға қатысушыларға қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кеңінен түсіндіріліп, үлгі етуге боларлық үздік жобалары таныстырылып, кәсіппен айналысқысы келетін әрбір азаматтың жаңашыл жобалар жасап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, қаржы ұйымдары арқылы несиелер иелену мүмкіндіктері туралы халық назарына жеткізілген. Расында, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы кәсіпкерлердің кәсібін кеңейтуге зорп мүмкіндік сыйлайды.
– Елімізде халыққа қолайлы мемлекеттік бағдарламалар жеткілікті. Кәсіптің көзін тапқан жандарға қолдау көрсетілуі керек. Сонда ғана бизнесте даму көкжиегі байқалады. Осы күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін кешенді бағдарламалар қабылдануы керек. Біз қай кезде де, кәсіп ашқан адамдарды ынталандырумыз керек. Жобалардың кемшілігін анықтап, түзеуге мүмкіндік берген дұрыс. Ауданда тың кәсіпті ашуға мүделі жандар баршылық. Әрине, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында кәсіп ашуға ниетті жандарға түсіндірме жұмысын жүргізген жақсы. Келешекте бағдарламаның көмегімен кәсібін дөңгелетсе, аудан экономиксының дамуына зор мүмкіндік болмақ, – деді аудандық мәслихат депутаты Нұрман Абдрасилов.
Расында, кәсібін ашуға мүмкіндік алған әрбір адам табысқа жету үшін жаңашылдыққа бейімделгені абзал. Әр жыл сайын мемлекеттік бағдарлама қолдауымен кәсіп ашқан жандар табысқа кеңеледі деп сенеміз. Алдағы уақытта аудан тұрғындары арасынан «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы бойынша кәсіпбін кеңейткен жандар көбейеді деген үміт басым.
