Kyzylorda-news.kz.   ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша есепті кездесу өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асылхан Ашеков, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхаммед Әбсаттаров қатысты. 

Кездесу аясында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Даурен Сейтжанов кәсіпкерлік палатасының жұмысымен таныстырды. 

«Жыл басынан бері палатаға бизнесті қорғау туралы 263 арыз түскен. Оның 186-сы оң шешімін тапты. Шектелген құқықтарын қалпына келтіру арқылы бизнестің 143 млн. теңгесі сақталып қалды. Биылғы жылы кәсіпкерлердің өтініштерінің салалық құрылымы бойынша алғашқы үштікте мемлекеттік сатып алулар (20%), ауыл шаруашылығы (12%) және салық (9%) мәселелері орын алған», - деді ол.

Даурен Сейтжановтың айтуынша Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүзеге асқан «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін айқындау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында құрылған өңірлік жұмысшы тобымен межелі жұмыстар атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткенін атап өтті.

 

Тағы да оқыңыз: