Kyzylorda-news.kz.  18 қарашада Қызылорда облысына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров жұмыс сапарымен келеді.

Олар 18 қараша сағат 09.30-11.30 аралығында қызылордалық кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдайды.

Сондай-ақ,Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов пен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров жұмыс сапары барысында облыстық соттың төрағасы Әділхади Шигамбаевпен, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Серікжан Мырзаламен және облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездеспек. 

Облыс прокуроры Нұрлан Бижановпен кездесу аясында Қызылорда облысының прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2023 жылға арналған ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарға қол қойылады.

Осы орайда, кәсіпкерлерді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласып, қабылдауға жазылуға шақырамыз.

Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының 3-қабаты. Қабылдау мәжіліс залында өтеді. Байланыс нөмірі: 8 /7242/ 40-09-81, 8 777 456 30 90. 

атамекен  1.jpg

Тағы да оқыңыз: