Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында «Біз өмірді қалаймыз!» тақырыбында үгіт-насихат бригадалары арасында есірткіге қарсы сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты — оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың сахналық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатысушылар ұзақтығы бір минутқа дейінгі үгіт бригадаларының бейнеқойылымдарын ұсынып, онда үгіт-насихат жұмытары, театрландырылған көріністер, ән мен би арқылы нашақорлықтың алдын алу тақырыбын ашты.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орын – Қазалы ауданы №225 орта мектеп, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданы №41 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №184 орта мектеп, Қазалы ауданы №266 мектеп-лицей; ІІ орын – Арал ауданы №292 орта мектеп, Қармақшы ауданы №26 орта мектеп, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицей, №126 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №239 орта мектеп; ІІІ орын – Жалағаш ауданы №34 орта мектеп, Сырдария ауданы №№210, 131, 174 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №247 орта мектеп.

Аталған сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Конкурс среди антинаркотических агитбригад «Мы выбираем жизнь!»1.jpg

Тағы да оқыңыз: