Kyzylorda-news.kz. Жалағаш кентін газдандырудың жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.

2019 жылы жоспарға сәйкес 1,2 млрд, 2020 жылы 0,8 млрд теңгесі бөлініп, жұмыстар атқарылды. Биыл қалған 1,5 млрд теңге қаржысы бөлініп, кент көгілдір отынға қосылады.

“Биылғы жылы кент тұрғындары газ желісін өз үйлеріне кіргізуге, жылу жүйесіне қосуға жұмыс жасайды. Айта кету керек бұл жұмыстарды тұрғындар жеке қаражаты есебінен жүргізетін болады. Ал, жергілікті бюджеттің есебінен аудан орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарды табиғи газ отынына қосу жұмыстары атқарылатын болады”, – деді Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов.

Өткен жылы кенттегі №202 орта мектеп ғимаратын жылу жүйесін орталықтандырылған газ желісіне қосу жұмыстары толық аяқталды. Жоба құны 11,6 млн теңге.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 6,5 млн теңге бөлініп, 5 әлеуметтік нысандарға газ желісін тарту үшін жобалық – сметалық құжаттары дайындалған.

Тағы да оқыңыз: