Kyzylorda-news.kz. 2019 жылы 20 557 шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары)  816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды. 

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді –  9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 156, корпоратив ауысым аясында жұмыс істеуге 1 565 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктегілердің мәліметінше, еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай – 4 397 адам, Өзбекстан –  2 254 адам, Үндістан – 1 819, Түркия – 1 845, Ұлыбритания – 1 420 адам.

Тағы да оқыңыз: