Kyzylorda-news.kz  Ауыл – қазақтың күретамыры. Сол себепті мемлекетіміздің лтын қазығы саналатын ауыл өмірін жақсарту – басты міндет саналады. Ондағы шаруашылық дамыса мемлекет экономикасы да өркендейді. 

Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында «Таңатар» шаруа қожалығы жұмыс стейді. Бүгінде шаруа қожалықтың  21 908 мың гектар жері бар. Шаруашылық ауыл тұрғындарының шөбін дайындап, жалпы өткен жылы 40 000 дана тайшөп дайындаған. Мұндағы негізгі кәсіп – табиғи шөптен қысқы мал азығын дайындап сату. 

Былтыр Қуаңдария ауылында аудан әкімінің шешімімен бақша егуге, көркейту-көгалданыру жұмыстарына баса мән берді. Соның негізінде бөлінген трактормен көктем басталысымен ауыл тұрғындары жер жырту, бақша егу жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындары агроаймақ үшін 24 гектар жергдің 7 гектарына – картоп, 7 гектарына бақша өнімдері, 10 гектарға – көкөніс өнімдерін екті. Биылғы жылы да осы көлемде бақша өнімдерін егу жоспарлануда. 2023 жылдың 1 шілдеге мал басына жүргізілген есеп бойынша мал саны жеке және шаруа қожалықтарда мүйізді ірі қара 1492 бас, уақ мал 1585 бас, жылқы 592 бас, түйе 461 бас және құс 427 бас тіркелген.

Ауылда кәсібін дөңгелентуге ықыласты жандар көп. АЙталық ауылдық округ бойынша тіркелген кәсіпкерлерлік субъектілер саны – 49 бірлік. Былтырғы жоспар бойынша3 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылып, ірі қара малын көбейту бойынша Сағындық Сәтбаев 1 380 000 теңгенің қайтарымсыз грант иегері атанды. «Іскер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы Ләззат Айтұрсынова жылқы малын көбейту  2 800 000 теңгеге алты пайыздық мөлшерлемесімен  және Бекарыс Сахи жастарға арналған 2,5 пайыздық мөлшерлемесімен 5 000 000 теңге қаржы алып, түйе малын көбейту бойынша несие алды.

– Ауылдық окгургте құрылыс жұмыстары жыл сайын қарқынды түрде жүргізіледі. Мәселен, былтырғы жылы І.Мырзақұлов, Бейбітшілік, Ерімбет, Жеңістің 40 жылдығы, Шалғасқат көшелерінің жарық шамдарының ЖСҚ әзірлеу үшін 1 698300 теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс беріліп жеңімпаз мекеме «ГорСервисПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жұмыс істеді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен ауылымыздағы Т.Жұбандықов көшесінің бойындағы балалар ойын алаңына жасанды (газон) төсеніш сатып алуға 1777777 теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер мекеме қажетті тауарларын жеткізіп беріп,  спорт алаңына жасанды төсеніш уақытылы төселген болатын. Ауылдағы Ерімбет көшесінің бойына қоршау жұмыстарына 2 646900 теңге қаржы бөлініп, қоршау жұмыстары толық аяқталды.  І.Мырзақұлов, Бейбітшілік, Ерімбет, Жеңістің 40 жылдығы, Шалғасқат көшелерінің жарық шамдарының жер актілерін әзірлеуге – 1 525 300 теңге қаржы бөлініп Қармақшы аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы мекемесімен жер актісін алу жұмыстары бойынша бір көзден келісім шарт жасалып құжаттандыру жұмыстары толық аяқталды, – деді ауылдық округ әкімі Ардақ Аймырзаев. 

«Жолдың жайын жүрген білер» демекші, ауылда бірінші кезекте жол мәселесінің түйіні тарқауы тиіс. Осы орайда Қуаңдария ауылы көшелерінің автомабиль жолдарына жасанды кедергі орнатуға тиісті қаржы бөлініп, Т.Жұбандықов көшесінің бойына жасанды кедергілер орналастырылып жұмыстар аяқталған.  Сонымен қатар ауылдық округтегі Бейбітшілік, Ерімбет көшесінің бойындағы жолдарды орташа жөндеу сапасын бақылау қызметтері бойынша – 1 189 200 теңгеге Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бір көзден келісім шарт жасалып жұмыстары толық біткен. 

Қуаңдария елді мекеніне 2 ұңғыма қазу жұмыстарына жоба сметалық құжаттама әзірлеуге 2 000 000 теңге қаржы бөлініп облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпаз мекемемен келісім шарт жасалды. Демеушілер есебінен «Ыстық бұлақ» басы абаттандырылып, қоршалды. Облыстық бюжеттен 32 200 000 теңге қаржы қаралып, Ерімбет және Бейбітшілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ демеушілер есебінен 200 метр Жастар көшесіне темірден көше қоршауы жасалды.

Мұнан өзге IV деңгейлі бюджеттің үнемделген қаржы есебінен ауылды жарықтандыру жұмыстары бойыншада 500 400 теңгеге конкурс беріліп, жеңімпаз мекемемен келісім шарт жасалып, жанбай тұрған жарықшамдарды ауыстырып, көшенің жарықтандыру жұмыстары жасалды. 
2023 жылы Қуаңдария ауылын абаттандыру жұмысына ауылдың ішін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 100 000 теңгеге конкурс беріліп, жеңімпазы 2 499 500 теңгемен жеңімпаз анықталып, келісім шарты жасалып аяқ су тұрақты түрде аптасына 2 рет беріліп отырды.

– Биыл бірқатар жобаларды қолға алмақ ниеттеміз. Ауылды көркейту, гүлдендіру мақсатында түрлі жобаларды жандандыруды көздеп отырмыз. Айталық, балалар және спорт алаңы құрылғысына 15 419 100 теңгеге, Қуаңдария, Шалғасқат, Жеңістің 40 жылдығы, І.Мырзақұлов көшелеріне күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ және сараптамадан өткізуге  және Гагарин көшесіне орташа жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ және сараптамадан өткізуге 6 224 600 теңгеге,Бейбітшілік, Ерімбет, Шалғасқат, Жеңістің 40 жылдығы, І.Мырзақұлов көшелеріне жарық баңаналары құрылысы жүмысы үшін 133 419 000 теңгеге, Қуаңдария ауылының паспортын әзірлеуге 12 244 000  теңгегебюджеттік өтінім дайындалды. Алдағы уақытта осы жобалардың аяқталып, халық игілігіне жұмсалатын болады, – деді ауылдық округ әкімі А.Айтмырзаев. 

Ауылдық округте мәдениет пен спорт бірізге қойылған. Былтыр жыл көлемінде Қуаңдария ауылдық клуб үйінде барлығы 39 іс-шара өткізілді. Мұнда тұрақты түрде 5 үйірме жұмыс жасайды. Клуб үйінде 12,5 штат бірлігінде қызметкерлер жұмыс жасайды. Қысқы сұйық отынға 10 472 тоннаға 295 теңгеден 3089 000 теңге қаржы бөлініп мердігер Дәулет ЖШС мекемесімен келісім шарт жасалды.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттың әр түрінен жарыстар өткізілуде. Ауылда 1 спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды және ауыл орталығындағы спорт алаңы пайдалануға берілген. Гір спорты бойынша Өзбекстан Республикасы Хиуа қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып Азия чемпионатынан қола жүледегер атанған, бірнеше мәрте еліміздің атын шығарып жүлделі орындар иеленіп жүрген С.Әміртай және Е.Кәжденбек спортшыларымыз бар.

Өткен жылы Ұлттық жоба аясында елді мекенде қоғамдық жұмысқа 25 адам тартылса, «Жастар тәжірибесімен» 1 маман жұмысқа қабылданған.

Тағы да оқыңыз: