Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы облыс бойынша 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде, негізгі дақыл күріштің көлемі 89,0 мың гектар.

Егісті әртараптандыру бағытында 3,0 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Шаруашылықтар облыс бойынша ерте егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстарын толық аяқтады.

Сонымен қатар, дәндік және сүрлемдік жүгерілермен қатар картоп, майлы, мал азықтық, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге күріш егісінің суы толық байланды. Жалпы егін жинау науқанын 10 қазанда аяқтау көзделуде.

Тағы да оқыңыз: