Биыл әлем мұсылмандары қажылыққа бара алмайды – Kyzylorda News
Басты бет

Биыл әлем мұсылмандары қажылыққа бара алмайды

16.06.2021, 12:28

781 0

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустық инфекцияның жаңа мутацияларының пайда болуына байланысты САК үкіметі биылғы 2021 жылы да қажылық рәсімдерін шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі хабарлады. 

Үлкен қажылыққа Сауд Арабиясының азаматтары мен резиденттеріне ғана, барлығы 60 мың адамға қажылық міндетін өтеуге рұқсат берілмек. Демек, шетелдік мұсылмандар биыл да қажылыққа бара алмайды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылғы қажылық маусымына ниет еткен отандастарымызды сабыр сақтап, қандай да бір заңсыз жолмен қасиетті Мекке және Мәдина қалаларына бармауға кеңес береді.

TauNews.kz

0

Пікір қалдыру