Kyzylorda-news.kz. Биылғы қыстың аязы 2000 жылдардағы суықты қайталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7° төмен болды, суықтың ошағы Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8-10° дейін болды, тек елдің солтүстігі мен шығысындағы жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында болды. Дәл осындай суық ауа райы, аномалиясы 10-12° дейін 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалған.

Бірқатар метеорологиялық бақылаулар ішінде Нұр-Сұлтан қаласында ең суық күн 1929 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді, онда термометр бағаны түнгі уақытта -43,5°С дейін төмендеген. 2020 жылғы желтоқсанда ең төменгі температура -27°С (21 желтоқсан) құрады.

Тағы да оқыңыз: