Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы ауыл шаруашылығына келетін болсақ, өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы брифингте айтты.
Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 102,3 пайызға,
сүт 101,3 пайызға және жұмыртқа өндірісі 92,5 пайызға орындалып отыр. Аудан бойынша биыл барлығы 17 377 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріш – 6450 га, бақша – 1115 га, көкөніс – 950, картоп – 315 га, мал азықтық дақылдары – 6876 га.