Kyzylorda-news.kz  109 бірыңғай байланыс орталығы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты сұрақтарға жауап береді. 24/7 режимінде қызмет көрсетеді.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініш зерделеніп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Келіп түскен өтінімдердің ішінде 20143 оқыс оқиға болса, 14355 кеңес беру мақсатында жолданған. 2916 шағым болса, 36 ұсыныс, 137 алғыс және 51 152 өтінім ақпаратқа сұрау салу бойынша тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі аппаратының “Жедел әрекет ету орталығы” КММ-нің директоры Руслан Бүркітбаев мәлімдеді. 

– “Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. 109 - қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді. 2024 жылы өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны - 498 өтінімді құрады. 
«Smart City» жобалары аясында Қызылорда облысында қала кызметі iorda.kz порталы 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Қызылорда облысының геоақпараттық порталында орналастырылды. Осылайша портал көмегімен 1398 өтінім тіркелді. Қызылорда қаласының тұрғындары қала қызметі iorda.kz порталы арқылы электр жарығы, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау жене қоқыс шығару бойынша шарттарды проактивті қызметтің көмегімен жасай алады”, – деді Руслан Бейбітбекұлы. 

Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз: