Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Сотсыз татуласы орталығының қызметін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева мен психолог-маман Назира Аймаханова Арал ауданда болып кездесу өткізді.
Аудан тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілермен және білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлерімен болған кездесуде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері, басшылық тарапынан жасалатын қысымдар жайы талқыланды. Сондай-ақ «Бітім» медиация орталығында заңгерлік және психологиялық көмектер тегін көрсетілетіндігі түсіндіріліп, білікті мамандардың байланыс номерлері ұсынылды.
Мұнымен бірге №262 мектеп-гимназиясы ғимаратында «Мектеп медиациясын дамыту» тақырыбында мектеп психологтарының қатысуымен көшпелі оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында мекемелердегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. мекеме қызметкерлері өздерінің азаматтық-құқықтық нормаларымен, оның ережелерімен танысып, кез-келген мәселені Заң аясында шешудің әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарымен танысты.