Kyzylorda-news.kz Бұған дейін Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот процесінің келесі жарыссөздер екенін судья Айжан Құлбаев мәлімдеген. Жарыссөз деген не? Онда тараптар не істейді? Кімнің қандай құқығы бар? Бұл туралы Ulysmedia.kz. сайтында жарияланды. 

Зерттелмеген материалдарға сілтеме жасауға болмайды

Сот тергеуі аяқталғаннан кейін судья сот жарыссөздеріне көшу туралы хабарлайды және  қатысушыларға өз сөздерінде сот отырысында зерттелмеген материалдарға сілтеме жасауға құқығы жоқ екенін түсіндіреді. 

Қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөздері-сот талқылауының дербес кезеңі. Бұл кезең айыптаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, сотталушы мен қорғаушының сөздерінен тұрады. 

Тараптардың әрқайсысы істің мән-жайларына, зерттелген дәлелдемелерге құқықтық ұстанымын негізге ала отырып, олардың салыстырмалылығы, жол берілуі мен жеткіліктілігі тұрғысынан өз талдауын баяндайды. 

Уақытпен шектей алмайды

Сот сот жарыссөздерінің ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды, бірақ судья жарыссөзге қатысатын адамдарды, егер олар қаралатын іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделсе, тоқтатуға құқылы. 

Сот жарыссөздерінің барлық қатысушылары сөз сөйлегеннен кейін олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөйлеген сөздеріне қатысты қысқаша қарсылықтармен немесе ескертулерментағы бір рет сөз сөйлеуге құқылы. 

Барлық жағдайларда соңғы ескерту құқығы сотталушыға және оның қорғаушысына тиесілі. 

Жарыссөздер 29 сәуірден басталады. Және 30 сәуір күні, 2, 3 мамыр күндері де жалғасады. 4 мамыр күні де болып қалуы мүмкін.

Фото: әлеуметтік желі

Тағы да оқыңыз: