Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік сатып алу конкурсында бармақ басты, көз қысты әрекеттер жүрмейді. Бұл туралы Қызылорда қала әкімідігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев осылай мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы өткізілетін жобаларды жүзеге асырудағы мәселер және жұмыстар барысындағы сыни ескертпелер турасында баяндама жасаған бөлім басшысы әлеуметтік желілерде жаяу жүргінші жолдарына қатысты сыни пікірлердің айтылып жүргенін, жұмыстың соңын күтпей сапасына күмән келтіретін азаматтардың барын айтып, қала әкімідігі бұл пікірлерді ұдайы ескеріп, одан оң нәтиже шығару үшін шұғыл жұмыстар атқарып келе жатқанын да алға тартты. Сондай-ақ жаяу жүргінші жолдарының құрылысы қазан айының соңына дейін толығымен аяқталатынын жеткізді.

Сонымен бірге аталған жұмыстарды орындауды жауапкершілікке алған мекемелердің басым бөлігі «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы конкурста жеңімпаз болған, тәжірибесі аз мекемелер екенін атап өтті. Жол жөндеу жұмыстарына қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ мемекелердің жұмысқа араласуы көптеген іске қол байлау болғанын да жасырмады.

«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы сатып алу конкурсына қатысушылардың біліктілік талабы қаржылық орнықтылығы мен мүмкіншілігі яғни салық қарызы болмауы мен төлей алуына қарай сараланған. Жұмыс өнімділігінің төмендеп, міндеттелген жұмыстың уақытылы аяқталмауы материалдық және еңбек ресурстары жоқ мекемелердің іске араласуының салдары» – дейді, бөлім басшысы Біржан Далабаев.

Тағы да оқыңыз: