Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, шанды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
