Kyzylorda-news.kz Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,22 теңгеге қымбаттап, 494,28 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 490,58 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 494,26 теңгеден сатып алынады, 496,43 теңгеден сатылады. Еуро 585,53 – 590,25 теңге, ал рубль 6,36 – 6,47 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,33 теңгеден сатып алынады, 74,23 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 491,99 теңгеден сатып алынады, 498,99 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 583,00 теңге, сату - 593,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.

- юань: сатып алу - 72,04 теңге, сату - 76,43 теңге.

Еске салайық, 11 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге арзандап, 490,58 теңге болды.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: