Kyzylorda-news.kz Достық үйінде конституциялық реформаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов жүргізді. Іс-шараға облыстағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың төрағалары қатысып, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзекті ұсыныстарын білдірді.
Реформалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайту екені атап өтілді.

Талқылау кезінде Ұлттық құрылтайдың қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы ретіндегі маңызы, сондай-ақ қоғамдық келісімді сақтау мен дамытудағы рөлі кеңінен сөз болды. Қатысушылар этносаралық татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде конституциялық өзгерістердің айрықша мәнге ие екенін жеткізді.
Сонымен қатар жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, саяси сауаттылығын көтеру және ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
