maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz   Бүгін Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздікке 20 жыл» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қармақшы аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, меценаттар, түрлі этнос өкілдері, кәсіпкерлер мен волонтерлар және мекеме қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы мерекенің маңыздылығына тоқтала отырып, еліміздің көптеген аймақтарында су тасқыны кезінде жұдырықтай жұмылған халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін атап өтті. Өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді. 

Одан соң, сын сағаттарда бірліктің үлгісін көрсеткен бейбіт күннің батырларына облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық оғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, меценат азаматтар Орынбасар Төлепов, Али Рагибовтар ізгі тілектерін жеткізіп, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Әрі қарай іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ағаш отырғызу акциясымен жалғасты.

Тағы да оқыңыз: