Kyzylorda-news.kz Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шолу лекциясы өтті.
“Бірлігіміз – әралуандықта” тақырыбындағы дәрісті облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, Заң ғылымдарының PhD Қуаныш Жарекеев жүргізді. Лекция барысында еліміздің этносаралық татулығы, мәдени көптүрліліктің құндылығы мен түрлі этностар достығының маңызы кеңінен қамтылды.
Студенттер үшін бұл дәріс – тек теориялық білім емес, ел ішіндегі бейбіт өмір мен бірлікті бағалауға, түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған рухани сабақ болды.