Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы кореялық «Hyundai Engineering Co., Ltd.» компаниясының ТМД елдері бойынша бас директоры Сонг Чханг Хой мырзамен кездесті.

Айта кету керек, «Hyundai Engineering Co., Ltd.» – өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын Оңтүстік Кореяның ірі инженерлік компаниясы. Компания мұнай-газ, химия, энергетика және машина жасау салаларында қызмет атқарады.

Кездесу барысында машина жасау саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылдың өзге де бағыттары талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен серіктестікті дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, инвесторлар үшін қарастырылған қолдау шаралары мен өндіріс орындарын орналастыруға арналған Индустриялық аймақ пен Арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, инвестиция тартуды қажет ететін өңірдің перспективалы жобалары ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: