Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының аумағында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты Ақтас орманшылығының №27 айналымының №10 оралымында Қызылорда облысы мен Түркістан облысының шекара аралық орман-тоғай өрттерін сөндіру бойынша бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу жаттығудың мақсаты: «Төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау қызметтері мен облыс аралық азаматтық қорғау органы бөлімшелерінің өзара жедел әрекет ету іс-қимылдарын жетілдіру».
Оқу-жаттығуға басшылық жасағандар: Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Б.Әбдіқадыров, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.Сарыбаев, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.Шәріпбеков, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры М. Рүстемов.
Алдымен оқу-жаттығу Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза болған орманшыларды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды.
Оқу-жаттығуға барлығы 150 адам қатысса, 32 техника жұмылдырылды (Оның ішінде: 7 АЦ өрт сөндіру автокөлігі, 25 бейімделген техника).
Өткізілген оқу-жаттығу өз деңгейінде өтті.