Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті.
Аппарат отырысында Көктемгі егінге дайындық барысы туралы; Мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру барысы туралы; Бюджет қаржысының игерілуі және экономикалық орындалуы жөнінде; Цифрлық карта, МӘМС және НЕЕТ санаты бойынша; Әлеуметтік желі белсенділігіне талдау жұмыстары жөнінде және Заңсыз такси тасымалын тоқтату және қоғамдық көліктерге жағдай жасау туралы мәселелер қаралды.
Мәселелер бойынша бірінші аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Әшірбеков. Екінші аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Р.Шарипбаев. Үшінші аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ. Төртінші Ааудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Төлегенов. Бесінші аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев. Алтыншы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Аманжолов баяндама жасаған.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, әрбір мәселені назарда ұстап, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Ол тұрғындардың талап-тілектерін уақытылы және тиімді шешуді, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарауды міндеттеді. Аудан басшысы сала басшыларына нақты бағыттар бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және алдағы уақытта өзара байланыс пен үйлесімділікті арттыруды тапсырды. Бұл мақсатта қажетті ресурстар мен қолдауды қамтамасыз етіп, тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу маңызды екенін атап өтті.
Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі