Kyzylorda-news.kz. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан күндері республика көлемінде «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Облыста бір тәулікте полиция қызметкерлері 8 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың 241-і тексерілді. Бұрын жасалған 2 ұрлық қылмысы ашылды. Облыс бойынша барлығы 273 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 26 адамға, түнгі тыныштықты бұзған 11, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз: