Kyzylorda-news.kz. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бір пойыздан екіншісіне ауысып отыруға мүмкіндік беретін билеттер сатылатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, bilet.railways.kz сайтында онлайн билеттерді сатып алу кезінде «Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут» жаңа қызметін пайдалануға болады.

«Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта жаңа қызметті бірнеше бағытта пайдалануға мүмкіндік бар. Олар:

Қостанай-Семей;

Екібастұз-Алматы;

Ерейментау-Орал;

Петропавл-Ақтөбе;

Шымкент-Арқалық;

Шымкент-Петропавл;

Қостанай-Шымкент;

Атырау-Семей.

 

Тағы да оқыңыз: