Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!»,- деп аталатын 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауды мақсат еткен болатын. 

Осы орайда бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және облыстық, қалалық  партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қызылорда қаласындағы Н.Ильясов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстары бақылау жасады.

Мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылғы 25 мамыр күні басталған. Ғимаратқа толық күрделі жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Қазіргі таңда мектептің шатырын демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал ғимараттың ішкі жұмыстары бойынша сылақтары түсіріліп, қабырғаны тегістеу, сылау және кафельдер қою жұмыстары атқарылуда. Едендер тегістеліп, құйылмалы еден құюлуда. Мұнан бөлек электр тоқтарын жаңадан жаңартып монтаж жұмысы жүргізілуде. Қосымша жылу беру трубалары, су, кәріз құбырлары да жаңадан жасалуда.

«Білім беру сапасы-қолайлы ортадан басталады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірдің білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, аймақтағы білім ошақтары жаңалануда. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалып жатқан нақты жұмыстар. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы тиіс, – деді төраға Алмасбек Есмаханов.

Тағы да оқыңыз: