Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден қашықтықтан оқыту кезінде фото және видео есеп талап етпеуді тапсырды. Ол туралы ведомство басшысы қашықтықтан оқытуға дайындыққа арналған селекторлық жиында айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

«Мектеп директорлары мұғалімдерден скрин, видео және есеп талап етеді. Ешқандай есеп болмауы тиіс! Мен ескертемін. Ондай жағдайда қызметті босатасыздар», – деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, 6 сәуірде Қазақстанда оқу жылының төртінші тоқсаны басталды. Коронавирусқа байланысты сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: