Kyzylorda-news.kz.  Kyzylorda HUB  және «Grand Master»  бағдарламалау мектебінің ұйымдастыруымен  «Tech Orda мүмкіндіктері»  тақырыбы  аясында Startup meetup өтті. Бұл туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесудің негізгі мақсаты  − қатысушыларға технологиялар аясындағы мүмкіндіктерді, IT  бағытындағы тың идеялар мен  жаңалықтарды түсіндіру.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жиында  IT  саладағы алғашқы қадам,  Tech Orda бағдарламасы аясында тегін білім алу,  табысты маман атану  тақырыптарында білім алды.

«Grand Master»   бағдарламалау мектебінің директоры,  Senior developer Алмат Қуанышбаев Astana HUB халықаралық технопаркінің Tech Orda бағдарламасына ерекше тоқталды.  

Айта кетейік, Tech Orda бағдарламасы жеке IT мектептерін субсидиялауды және IT  маман болғысы келетін азаматтарға ваучерлер беруді қарастырады.

Веб-әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық және аппараттық құралдар жасау, Big Data, Blockchain үйрету  аясында қазақ, ағылшын және орыс тілінде жүргізілетін оқыту курсына қатысу  үшін  Astana HUB  халықаралық технопаркінің өңірлік офисі  Kyzylоrda HUB-тан кеңес ала аласыздар.

Тағы да оқыңыз: