Kyzylorda-news.kz. Коронавирус қоршаған ортаға да кесірін тигізіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гонконг экологтары осылай дейді. Себебі соңғы уақытта Гонконгтың жағалау суларында пластик шөлмек, резеңке қолғап пен пакеттен бөлек, медициналық бетперделер көбейіп кеткен. Қауіптің күшеюіне байланысты бұл әкімшілік орталық тұрғындары сыртқа маскасыз шықпайды. Алайда, экологтардың айтуынша, оларды кәдеге жарату жағы ойластырылмаған көрінеді. Жалпы соңғы мәлімет бойынша Гонконгта коронавирусты 129 адам жұқтырған. Солардың үшеуі көз жұмды.

«Соңғы уақытта суды тазалау кезінде қалдықтар арасынан бетперделерді көп табатын болдық. Қазір жергілікті жұрт оны шешпей тағады. Алайда жағажайлар сол маскалардың қоқыс алаңына айналғандай. Бұл жағдай бізді қатты алаңдатып отыр», – Oceanasia экологиялық тобының өкілі Гарри Стоукс.

Тағы да оқыңыз: