Kyzylorda-news.kz  Құрылысы 2022 жылы басталған Бесарық ауылындағы спорт кешеніне жалпы 362,4 млн теңге қаралған. Қаржының 144,2 млн теңгесі құрылыс басталған жылы игерілсе, 2023 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 218,2 млн теңге бөлінген. 
Құрылысы кешігіп жүргізілген нысанды пайдалану мерзімі өткен жылдың  тамыз айы болғандықтан жергілікті әкімдік сотқа «SCS Инжиниринг» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тануды және тұрақсыздық айыбын өндіруді міндеттеу жөнінде талап арыз жолдаған. Дегенмен құрылысы тоқтамай, өткен жылдың соңында мердігер мекемемен бірінші қабаттың ішкі әрлеу жұмыстары, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, науа құрылысы, кіреберіс (тамбур) ор¬нату, сыртқы жарықшам бағаналарын әрлеу, орнату жұмыстары жүргізілген.
Апта ағымында Бесарық елді мекенде салынып жатқан спорт кешенінің құрылысына партиялық бақылау жұмыстары жасалды. Спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жақын арада аяқтау жоспарланған. Партиялық бақылау жұмыстарын партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты Г.Тілеубергенова жүргізді.
Комиссия мүшелері мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін тапсырды. Себебі аймақтағы әрбір құрылыс нысанының сапалы салынуы аймақ басшысының жіті бақылауында. Ауыл балаларын спортқа баулитын кешенде болашақ ел чемпиондары тәрбиелентін болады. 
Айта кетейік, аталған спорт кешенінің құрылысы "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген.

Тағы да оқыңыз: