Kyzylorda-news.kz. Бүгінде аудан орталығынан шалғайда орналасқан Бесарық ауылының даму қарқыны тұрақты. 70 жылдан аса тарихы бар ауылда 439 отбасында 2367 адам тұрады. Негізінен, ауыл аудан орталығынан 87 шақырым, облыс орталығынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекенде 2007 жылы салынған 360 орындық № 147 орта мектеп, 2007 жылы қайта жасақталып салынған 120 орындық «Бөбек» балабақшасы, 200 орындық Бесарық ауылдық мәдениет үйі, әкімшілік ғимараты, кітапхана, қазпошта бөлімшесі, вет.станция халыққа қызмет көрсетеді.
Ауылдың әлеуметтік жағдайы тиісті деңгейде жүзеге асуда. Мәселен, жұмыспен қамту орталығы арқылы 27 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 8 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 12 адам қоғамдық жұмысқа, 7 адам жастар тәжірибесіне жолданды. Жұмыссыздық деңгейі осы кезеңде 4,9 пайызды құрады. Жалпы ауылдық округі бойынша жұмыссыздар саны 49, Мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламаларға оның ішінде «Бизнестің Жол картасы – 2025, Жастар тәжірибесі, Мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тетігі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курстарына азаматтарды қатыстыру бойынша тиісті жұмыстар жасалынып, қазіргі таңда 32 адам оқуды аяқтады. Олар өз кәсіптерін ашып, жұмыс жасауда.
Бесарық ауылы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша ауыл тұрғындары елді-мекендегі мекемелерге жастар практикасы мен ақылы негіздегі қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Өткен жылы 25 адам қоғамдық жұмыс, 7 адам жастар тәжірибесіне жолданады деп жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері тіркелген жұмыссыздардың 30 пайызы (12 адам қоғамдық жұмыстарға) жұмысқа жолданды. Бесарық ауылы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша "Абай Даулет" ЖШС-і мен «Бесарық» шаруа қожалығына ұсыныстар жасалып, ауыл азаматтарын жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары елді-мекендегі мекемелерге жастар практикасы мен ақылы негіздегі қоғамдық жұмыстарға тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары негізінде қайтарымсыз гранттар мен несие алуға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жеке кәсіп аштыру жұмыстары атқарылып келеді. Елді мекеннің экономикалық мамандануының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Бесарық ауылдық округінде 45 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Округ бойынша 2837 ірі қара мал,1762 жылқы,408 түйе, 829 қой,878 ешкі және 377 құс тіркелген. Бір ветеринарлық пункт қызмет көрсетеді. Шаруа қожалығында 45 адам жұмыс жасайды. Ауылдық округ бойынша 7 шаруа қожалығы, және 33жеке кәсіпкер мал бордақылаумен айналысады. Олар өз малдарын жеке тұрғын үй қораларында бордақылауда. Мұнда жылына 370 басқа жуық мал бордақыланады. Осыған сәйкес, алдағы уақытта ет өндіруде жеке сектордағы және шаруа қожалықтарындағы мал басын есептегенде жоқ дегенде 74 тоннаға дейін ет өндіруге мүмкіндік бар.
Ауылдық округтің жер қоры 422258 гектар болып табылады. Оның ішінде, жайылымдық – 295338 гектар, шабындық – 978 гектар, егістік жер –1183 гектар. Нәтижесінде, барлық отбасының 50,0 пайызы өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Шын мәнінде, Бесарық ауылында кәсіпкерлік саласын өркедетуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалпы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша Бесарық ауылдық округі бойынша 10 азамат жылқы және сиыр малдарын көбейту және бордақылау үшін құжаттарын тапсырып және мақұлданды. Осы күні 75,1 млн теңге несие алып жұмыстарын жүргізіп отыр. Сонымен бірге «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы берілетін несие бойынша Бесарық ауылдық округі бойынша жылқы және мүйізді ірі қара мал басын көбейту және бордақылау мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 11 жоба мақұлданып, 11 азамат 56 млн теңге несие алып жұмыстарын жүргізуде.
Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша грант беру тетігі бойынша әр саладан 32 азамат өз құжаттарын тапсырып, 39 млн 206 мың 400 теңге қаражат алған азаматтар кәсіптерін жүргізуде.
Ауданымыздағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Абай-Даулет» ЖШС-нің демеушілігімен елді мекенде. Мәселен, ауыл тұрғыны, жалғызбасты ана Үміт Көлдеева тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына байланысты 4 бөлмелі жаңадан үй салып берді. Жалғыз басты ана Мейрамкүлдің Ешназарова үйі оқыс жағдайдан өртеніп кетті. Сол үйдің орнына қайтадан іргетасын құйып жаңадан үй салу үшін ауыл тұрғындары, «Абай-Дәулет» ЖШС мен жеке кәсіпкерлердің көмегімен жаңа үй салып берді. Елді мекендегі Тәуелсіздік көшесіне мәңгілік алаудан емханаға дейін А.Дүйсенбаев көшесі шаруашылықтың ғимаратынан мәңгілік алауға дейін және Тәуелсіздік көшесінің 270 метр жеріне жаяу жүргіншілер жолын салып берді. Ауыл халқының сұранысына байланысты «Мәңгілік алау» жанына Ауған, Тәжікістан соғысына, Чернобыль апатын жоюға және Семей полигонын жоюға қатысқан азаматтарға арнап монумент қойылды. Тұрмысы төмен отбасылар мен ауыл тұрғындарына 224 500 дана кесек пен 144 500 дана күйдірілген кірпіш көмекке берілді. Елді мекендегі 150 отбасына жылда 2 тоннадан көмір беріледі. Бұдан бөлек ауылдағы барлық әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелерде өткізілетін мәдени іс шараларға және олардың абаттандырылуы мен көркейту көгалдандыру жұмыстарына және көмекке мұқтаж ауыл тұрғындарына да демеушілік жасап тұрады. Ауыл тұрғындарының есік алды жерлерінің аяқ су мәселесін шешу жұмыстарына байланысты Жаңадария каналына электр насос қойылып ауылға кіретін әр көшенің шығыс жағына бөлек-бөлек труба салынып ауыл ішіндегі көшелердің қарықтарын жаңадан қазып аяқ су мәселесін түпкілікті шешкен. Көлемі мен қаржысы. 600 метр үлкен арық және ауыл іші шамамен 2000 метр, 2 млн теңге қаражат жұмсалды. Елді мекеннің солтүстік бағытында ауыл іргесінен өтетін "Қосарық" каналының 6 шақырымы тазаланды. Батыс жағына аяқ су өздігінен келуге мүмкіндік жасалып, елді мекен 100 пайыз аяқ сумен қаматамсыз етілген. Елді мекендегі Тәуелсіздік көшесіне мәңгілік алаудан емханаға дейін А.Дүйсенбаев көшесі шаруашылықтың ғимаратынан мәңгілік алауға дейін және Өткен жылы Тәуелсіздік көшесінің 270 метр жеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілді.