Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданындағы үлгілі елді мекен Бесарық ауылдық округінде 447 отбасында 2367 халық тұрады. Оның ішінде 1066 экономикалық белсенді тұрғындардың арасында әйелдер 465, жұмыссыздар 33, оның 25-і әйелдер. Жыл ішінде қоғамдық жұмысқа 14 адам тартылған.

«Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ – 15, №147 орта мектебінде –– 123, ауылдық мәдениет үйінде – 11, «Бөбек» бөбекжай балабақшасында – 34, ауылдық дәрігерлік емханада – 12, кітапханада – 1, ветеринарлық станцияда – 3, адам жұмыс істейді. Ауылда  учаскелік полиция инспекторы бар. Шараушылықта 120 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Ауылдық округке тиесілі – 422258 гектар жер бар. Оның ішінде:  егіндік - 1183 га,  жайылымдық – 295338 га. Егіс бойынша бөлінісі: күріш – 596, жоңышқа –799, бақша мен картоп- 78 га егілген.
Өткен жылы кәсікерлер саны – 331 болса, мал шаруашылығымен –210, қызмет көрсетумен –39, омартамен – 1, сауда саттықпен –13 адам айналысады. 

"Абай-Даулет" ЖШС-нің демеушілігімен елді мекенде бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жайында ауылдық окург әкімі Дәулет Сәрсенбаев айтып берді:

– Серіктестік ауыл тұрғыны жалғызбасты ана Үміт Көлдееваның тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына байланысты 4 бөлмелі жаңадан үй салып берді. Сонымен қатар жалғыз басты ана Мирамкүл Ешназарованың үйі оқыс жағдайдан өртеніп кеткен болатын. Сол үйдің орнына қайтадан іргетасын құйып жаңадан үй салу үшін ауыл тұрғындары, "Абай-Дәулет" ЖШС-мен, жеке кәсіпкерлердің көмегімен жаңа үй салып берді.

Шаруашылықтың демеушілігімен ауылдағы Тәуелсіздік көшесінің 270 метр жеріне  жаяу жүргіншілер жолын салды. Ауыл халқының ұсынысына байланысты "Мәңгілік алау" жанына Ауған, Тәжікістан соғысына, Чернобыль апатын жоюға және Семей полигонын жоюға қатысқан азаматтарға арнап монумент қойылды. Тұрмысы төмен отбасылар мен ауыл тұрғындарына 224 500 дана кесек пен 144 500 дана күйдірілген кірпіш көмекке берілді. Сондай-ақ, елді мекендегі 150 отбасына жыл сайын 2 тоннадан көмір беріледі. Бұдан бөлек ауылдағы барлық әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелерде өткізілетін мәдени іс шараларға және олардың абаттандырылуы мен көркейту көгалдандыру жұмыстарына және көмекке мұқтаж ауыл тұрғындарына да демеушілік жасап тұрады, – деді ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындарының есік алды жерлерінің аяқ су мәселесін шешу жұмыстарына байланысты Жаңадария каналына электр насос қойылып ауылға кіретін әр көшенің шығыс жағына бөлек-бөлек труба салынып, ауыл ішіндегі көшелердің қарықтарын жаңадан қазып аяқ су мәселесін түпкілікті шешкен. Көлемі 600 метр үлкен арық және ауыл іші шамамен 2000 метр болатын жерге шамамен 2 млн теңге қаражат жұмсалған. Елді мекеннің солтүстік бағытында ауыл іргесінен өтетін "Қосарық" каналының 6 шақырымы тазаланып батыс жағына аяқ су өздігінен келуге мүмкіндік жасалып, елді мекен 100 пайыз аяқ сумен қаматамсыз етілген. 

Мемлекеттік бағдарламалардың ауылда іске асырылу барысына тоқталсақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша – 10 азамат жылқы және сиыр малын көбейту және бордақылау үшін құжаттарын тапсырып, мақұлданып 75,1 млн теңге несие алып жұмыстарын жүргізіп отыр. 

«Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы   берілетін несие бойынша жылқы және мүйізді ірі қара мал басын көбейту және бордақылау үшін, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін  11 жоба мақұлданып, 11 азамат 56 млн теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде. Елді мекен бойынша әр саладан 32 азамат өз құжаттарын тапсырып 39 млн 206 мың 400 теңге қаражат алып жұмыстарын бастауға мүмкіндік алды.

Тағы да оқыңыз: