Kyzylorda-news.kz  Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

​Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

«Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. ​Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды», – деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.

​Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы қауіптен сақтамайтынын естен шығармаңыз
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!

Сурет:depositphotos.com

Тағы да оқыңыз: