Kyzylorda-news.kz.  Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібевтың төрағалығымен өткен мәжілістен кейін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев ауданда туризмді дамыту мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев «Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл арқылы біз өңірдің экономикалық жағдайының жақсара түсуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қол жеткіземіз. «Туристік қызмет туралы» Заң аясында мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері айқындалды» деп атап өтті. Сондықтан туризмді дамыту аудан экономикасына серпін береді. Осы бағытта жұмысты жауапкершілікпен атқару қажет, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Жалпы, Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес туризмді дамытуға меже белгіленген болатын. Соған сәйкес, ауданға өткен жылы 143.4 млн. теңге инвестиция тартылған.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Ақжарма және Шаған елді мекендерінің бойында 2 сервистік қызмет көрсету кешені жұмыс жасайды. Сервистік кешендердегі қонақ үйлерге былтыр 599 адам келген.

Тағы да оқыңыз: