.Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, қабылдау өткізді. Аталған іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Еспенбетов, аудан прокурорының орынбасары Ғалымжан Дүйсенбаев, дербес бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты.
– Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше. Мемлекеттік қызметшілер жұмыста қарапайым, өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сондықтан ел үшін қызмет ету – мерейлі міндет, зор абырой. Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте толағай табыс тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің түрлі саласында еңбек етіп жүрген мамандар облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен, арнайы мемлекеттік қызметкерлерге арналған төс белгімен марапатталды.
Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
– Мемлекеттік қызмет жұмыс жасау адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Кәсіби мамандар арнайы ант берген күннен бастап, еліміздің дамуына өлшеусіз еңбек етеді. Қазіргі уақытта сала мамандары үлкен жауапкершілікті сезінеді. Әрине, тынмысыз еңбек лайықты түрде ескерілуі тиіс. Шын мәнінде, мемлекеттік қызметтегі сан салада көш ілгерілілеу бар. Бұның барлығы кәсіби мамандардың табысты еңбегінің арқасы деп білемін. Халықпен етене жақын араласып, әкімдіктер мен бөлімдердің, тиіс мекемелердің жұмысын жандандырған саламамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудандық мәслихат депутаты.
Жалпы, ауданда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жалпы штаттық саны 128 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы қазір 40 жас болса, орташа еңбек өтіл 10 жыл. Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің 48-і әйел. Қазіргі уақытта 119 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасауда.
– Күннен-күнге мемлекеттік қызметішіге қойылатын талап жоғары екеніне көз жеткізіп келеміз. Құжаттамалық жұмыстармен қатар, кәсіпкерлік, қаржы, экономика, ауылшаруашылығы, мәдениет және спорт, жер қатынастары, білім секілді бірне салада мемлекеттік қызметкерлер бар. Біз олардың жұмысын жоғары бағалаймыз, – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев.