Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев ауданға қарасты Жетікөл және Бесарық ауылдарында болып, салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты. 

Бесарық елді мекеніндегі жоба құны 381,8 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен былтыр 144, 2 млн теңге бөлініп, жұмысы басталған болатын. 2023 жылға құрылыс жұмыстарына 218,2 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының орындалуы бүгінде 45 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ал Жетікөл ауылында жалпы құны 30,9 млн теңгені құрайтын үш бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бүгінде мердігер мекеме «Орион LTD» ЖШС-і жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үй құрылысы тамыз айында толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы салынып жатқан нысандардың ең бастысы сапасына үлкен мән беру керектігін және мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты. Мердігер мекемелердің жұмыстарына сәттілік тілеп, құрылысшыларға алғысын білдірді.

 Құрылыс жұмыстарының сапасын қазір бақыламасақ, ертең кеш болады. Сондықтан бекітілген жоба белгіленген мерзімде аяқталып, әр жұмыс сапалы әрі уақытылы жүргізілуі керек. Бесарық пен Жетікөлдегі нысандар бойынша тиісті тапсырмаларымды бердім. Оның орындалуын жеке бақылауыма аламын. Ауыл әкімдері әрбір жұмыс күнін құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардан бастауы қажет. Бұл ең алдымен халыққа қажетті іс және бюджеттен көрсетілген қолдау. Ал бюджеттің әр тиыны мақсатты, дұрыс жұмсалғаны жөн, – деп қорытты аудан әкімі.

 

Тағы да оқыңыз: