Kyzylorda-news.kz.Қаңтар оқиғасына байланысты парламенттік талқылауда Бас прокурор Берік Асылов баяндама жасап, депуттаттар сауалына жауап берді. 

Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеп, нәтижесінде тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды, деп мәлімдеді бас прокурор Берік Асылов. 

«Қылмыскерлер әкімдік, әуежай, ҰҚК, полиция, телевидение және байланыс  ғимараттарын басып алып, жойып жіберді. Яғни, террористік актілер жасалды. Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Одан бөлек, күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар. Негізінен жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың көбі – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұдан бөлек, шетел азаматтары жаппай тәртіпсіздікке қатысуға және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып отыр. Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікістан азаматтары бар», – деді бас прокурор. 

Мұнымен қатар, Берік Асылов ұсталған азаматтардың ішінде 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталғанын айтты. Сондай-ақ, ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға шетел азаматтарының да қатысқанын мәлімдеді. 

«Бүгінде қолымызда толық мәліметтер бар. Тергеу органдары оқиғаның хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болды. Барлық қаза болғандардың кім екенін, олардың қалай қайтыс болғанын зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда. Қаза болғандардың саны туралы мәлімет дұрыс. Жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар және 4 адам басқа да қылмыс жасау кезінде өлген. Алматы қаласында 151 адам қаза болды. Олардың көбісі Президент резиденциясына шабуыл кезінде болды. Адам өлімі Шымкентте, Таразда, Қызылордада орын алды. Жалпы қаңтардағы жасалған қылмыс бойынша 5300 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігін ІІМ тергеді. Олар негізінен адам өлтіру, қару-жарақ ұрлау», - деді Берік Асылов.

Айта кетейік, бүгінде осы істер бойынша 573 адам сотталған. Оның ішінде 2 іс-теракт жасау фактісі бойынша.
 

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: