Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ғана емес басқа сөздерінде де еліміздің дұрыс дамуы үшін заңдылық сақталып, құқық бұзушылықтың алдын алу керектігін, азаматтарымыз өркениетті елдердегідей заңдылыққа мойынсұнуы қажеттігін айтып келеді.

Осы орайда, Қазалы ауданының полиция бөлімі қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға үнемі түсіндірме жүргізіп, ретсіз саудамен айналысып жатқан тұлғаларға әкімшілік хаттама толтыруда. 

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексінің 204 бабына сәйкес яғни белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 52 деректері анықталып ескерту шаралары көрілді. Дегенмен, көрілген шараларға және жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан орталық базарларда адам жүретін жаяу жүргінші жолына сауда жасау деректерi толастар емес.

“Құрметті аудан тұрғындары! Бұл орталық базарлардағы жаяу жүргінші жолына қатысты аудан тұрғындары тарапынан да көптеген сын-ескертпе, наразылықтар туындауда. Алдағы уакытта, мұндай құқық бұзушылық деректері қайталанған жағдайда  10 айлық есептік көрсеткіш 34500 теңге мөлшерінде айыппұл салынатындығын назарларыңызға сала отырып,белгiленбеген орындарда сауда жасамауларыңызды сұраймыз”, – дейді сала мамандары.

Тағы да оқыңыз: