Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдаумен толықтай танысып болған соң, жастардың білім алуымен, өзін дамытуына бағытталған жұмыстар одан әрі қолдау табатынына үлкен сенім пайда болды. Жолдауда айтылған міндеттер мен жоспарларды әрбір Отанын сүйетін жас, ой елегіне өткізіп, жауапкершілікпен қараса деймін.
Егемендік алған алғашқы күнінен бастап жастар мемлекеттік саясаттың басым бағытына ие болды. Кешегі жолдау сол ізгі жолдың жалғасы деп сезіндім. Оның ең үлкен себебі Тәуелсіздіктің маған берген ең үлкен сыйы және мүмкіндігі – болашақ бағдарламасы арқылы менің Ұлыбританияның Борнмут университетінде «Халықаралық туризм менеджменті» магистрі дәрежесін алғаным.
Оқуымды ойдағыдай тәмәмдаған соң еліме оралып, туған жеріме және өз салама келіп қызмет жасау ең бірінші мақсаттарымның бірі болды.
Еліміздің болашағы – жастар. Жастарды білімге, ғылымға баулып, алған тәжірибелеріммен бөлісу ел алдындағы парызым деп білемін. Сондықтанда қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өзімнен кейінгі жастарға ұстаздық етіп, оған қоса докторантурада ғылыми жолымды жалғастырудамын.
Аймағымыздың туристік әлеуеті өте жоғары. Алайда, оны толыққанды халықаралық деңгейді ілгерілету әліде тұралап келеді. Осы орайда, облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштерін таныстыру мақсатында оффлайн аудио-гид жобасын іске асырылды. Нәтежиесінде облысымыздағы жиырмадан астам мәдени мұра нысандары туралы толыққанды ақпаратты үш тілде кез-келген турист ашық ресурстардан жүктеп ала алады. Бұл жұмыс партияның «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» жобасы аясында жалғасын табады.
Қазіргі таңда көп жастар шет ел асып, «Қазақстанның болашағы жоқ» деген алып қашпа әңгімелер айтуда. Олай деп айтуға еш себеп жоқ. Өйткені барлық мемлекеттік бағдарламалардың 60%-ы жастарға бағытталған. Оның ішінде жас отбасыларды баспана мен қамтамасыз ету, жас мамандарды жұмыспен қамту(жастар практикасының бір жылға ұзартылуы), мектеп бітіруші түлектерге білім гранттарының санының жылдан жылға артуы, ғылым жолында өзін табамын деген жастарға магистратура және докторантураға түсіп, оқуға үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Президентіміз соңғы кездері техникалық және IT саласындағы мамандықтарға үлкен көңіл бөлуде. Оның бірден бір дәлелі – қазақстандық жастар әлемдегі үлкен компанияларда жұмыс жасауда. (Apple, Yandex, google).
Жастарды қолдау саяси ортада да қолдауын тауып келеді. Оның бір айқын дәлелі былтырғы праймеризде партияның 35 жасқа дейінгі жастарға 30 пайыздық квота бөлінуі.Осындай нақты қадамдар, нәтиже бермеуі мүмкін емес деп ойлаймын.
Бекзат Ырза, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі