Kyzylorda-news.kz. 23 маусым жыл сайын Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң 1992 жылдың 23 маусымда қабылданды. Бұл−Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайдын алғашқы құқықтық акт. Жарлыққа сәйкес 2007 жылы 5 маусымда, 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілген.

Күні кеше әділдікті ту етіп, ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін сақтайтын, еліне адал қызмет атқаратын құқық қор­ғаушылар мерекесі аталып өтті. Ел қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет ететін құқық қорғаушылар қашанда құрметке лайық. Кәсіби мерекеге орай  қызмет барысында ерлікпен пара-пар еңбек етіп жүрген полиция қызметкері туралы жазғанды жөн көрдік. Бектұр Сатенов екі бірдей бүлдіршінді және қарт кісіні өрттен аман алып қалған азамат.

Ол Қызылорда қалалық по­лиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патруль­дік полиция батальоны саптық бөлінісінің взвод команди­рі Бектұр Сатенов Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында 1978 жылы 9 маусымда дүниеге келген. 2009 жылдан бастап  Қалалық Ішкі істер басқармасы патрульдік полицияның аға сер­жанты қызметін 2014 жылға дейін  атқарған. 2015 жылы  лей­тенант  қызметкері болған. 2016 жылы Б.Бисенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бі­тірген. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бө­лімінің патрульдік полиция ба­тальоны саптық бөлінісінің взвод командирі қызметін атқаруда.

«2009 жылдың қараша айында кешкі уақытта, қаланың орталық Әйтеке би көшесі 40 үй жанынан өтіп бара жатып,  үйлердің бірінен өрт шығып, көмек сұраған дауысты естідім. Ойланбастан су құбыры арқылы екінші қабаттың балконына жылдам көтеріліп, пәтердің ішінен екі және бес жастағы кішкентай бала мен екі қарт кісіні құтқардым. Осы оқиғадан кейін 2010 жылы 7 мамырда «Ерлігі үшін» медальмен марапаттады. Одан бө­лек, 2021 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» деген медальді қара­мағымдағы үш қызметкермен бірге алдық. Қуанышымда шек болмады. Жалпы қандай оқиға болса да біз медаль алу үшін немес мақтаса екен деп жасамаймыз. Әр істің бағасын халық береді, біздің міндетіміз тұрғындардың тыныштығын сақ­тап, оқиға барысында адамды аман алып қалу. Тіпті қарамағымдағы жеке құрамға да, ең алдымен адамның амандығын ойлау ке­рек­тігін үйретеміз. Қызметімнің ауырлығына қарамастан мен әлі де өз мамандығымды жақсы көремін. Себебі бұл менің бала күннен армандаған мамандығым», – деді взвод командирі Бектұр Сатенов.

Тағы да оқыңыз: