Kyzylorda-news.kz. “Bek Air әуекомпаниясындағы жағдайға байланысты барлық жолаушы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған рейстердің әуебилеттерін толықтай қайтарып алуы керек”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек,     бүгін сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған болатын. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ.

Қаза тапқандардың саны – 15. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылды.

Тағы да оқыңыз: