Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберді

14.01.2020, 10:40

184 0

Kyzylorda-news.kz. «Аманат» сақтандыру компаниясы Алматы маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған үш отбасына жерлеу шығындарын 100 АЕК мөлшерінде төледі – бұл 265 мың теңгеден сәл астам. Қайғылы оқиғадан 17 күн өтті. «Фоккер-100» апатының себебі туралы әлі де көптеген сұрақтар бар.

Мән-жайды «Бек Эйр» компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтан сұрауды жөн көрдік, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр екі ұшқыштың апат кезіндегі диалогін хабарлаған болатын. Онда бір ұшқыштың қателік жасағанын байқауға болады. Бұған Нұрлан Жұмасұлтановтың пікірі қандай?

«Ұшақ әуеге көтерілген соң дірілдей бастады. Ұшқыштың бірі «Не болып жатыр?» деп сұрады. Екіншісі «қозғалтқыш» деп жауап берді. Мұнда бір ұшқыштың қателікке жол бергенін байқауға болады. Иә, ол жұмыс қозғалтқыштың режимін азайтып жаңсақтыққа жол берді», – деді компания басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ұшқыштардың келіссөздерінің жазбасына сілтеме жасай отырып, тергеудің негізгі нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, Фоккердің апатқа ұшырауы ұшақтың мұздауы салдарынан болуы мүмкін.

0

Пікір қалдыру