Kyzylorda-news.kz. Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын қазақстандық 2 телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер бүгінгі жарыстарды отандық «Qazqstan» және «Хабар» телеарналарынан көре алады.

Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты:

«Qazqstan» арнасы:

12:55 Шаңғы қоссайысы. Іріктеу – Шыңғыс Ракпаров;

«Хабар» арнасы:

16:55 Фристайл. Акробатика. Ерлер. Іріктеу – Шерзод Хаширбаев.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар – қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Тағы да оқыңыз: