Kyzylorda-news.kz Қазгидромет 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды шығысында нөсер жаңбыр жауады.
Тек батыс өңірде ауқымды антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман, шығысында және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – бұршақ жаууы ықтимал.