Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» РМК 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады, соған байланысты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қей жерлерде қатты жауын шашын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: